Хакимулла Мехсуд Пәкістанның көптен бері іздеуде жүрген қылмыскерлерінің бірі. АҚШ үкіметі тәлібтердің жетекшісі жайлы ақпарат берген адамға 5 млн. АҚШ долларын беруге уәде еткен болатын. Х.Мехсуд Солтүстік Вазирстан провинциясында - Пәкістан-ауған шекарасында тәлібтердің арасында жасырынып жүрген.
АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары Мираншах қаласынан бес шақырымда орналасқан Данда Дарпа Хель жеріне 4 зымыран ұшырған. «Талибан» жетекшісінен басқа, кем дегенде 4 адам қаза тапты. Олардың арасында оның жеке оққағары мен жүргізушісі болды.