Оқиға елдің шығысындағы Асадабад қаласында болды. Ғаламтордағы YouTube порталында шабуылдың бейнетаспаға түсірген жазбасы көрсетілген. Әуеден жасалған шабуылдан кейін жойқын жарылыс болып, көк түтін мен шаң көтеріліп, ұшатын құрылғы көрінбей кетеді. Алайда біраз уақыттан кейін ұшатын табақтың әуеде қалқып тұрғаны байқалады. Ғаламтор пайдаланушыларының пікірінше, аталған құрылғы ешқандай ғажайып ұшатын құрылғы емес, жаңадан ойлап шығарылған америкалық дрон болса керек. АҚШ әскерилері бұл жағдайға қатысты еш мәлімет берген жоқ.