деп хабарлайды РБК агенттігі.
Дегенмен, «Эхо Москвы» радиостансысының хабарлауынша, Эстониядағы бірден бір төлем құралы крона болып табылады.
Бұл жағдайға түсініктеме бере отырып, Эстония Банкінде шарттық еркіндік ұстанымына сәйкес сатушы мен сатып алушы еуроны немесе басқа валютаны пайдалана алатынын айтты. Егер ұлттық валютаны алудан бас тартса ғана, заңсыз болып есептеледі.
Естеріңізге сала кетейік, Латвия, Эстония және Литва 2004 жылы Еуроодаққа қосылған сәттен бастап еуроаймаққа кіруге дәмеленген болатын. Алайда олардың үміті ақталмады, өйткені өкімет орындары инфляцияны қажетті деңгейде ұстап тұра алмады.
Сарапшылардың пікірінше, Балтық бойы елдері 2010-2013 жылдардан бұрын еуроаймаққа кіре алмайды.