«Біз суды суармалы жерге береміз. Оңтүстік Қазақстан облысында жиналған су көлемі суармалы жерлерге кестемен беруге еш қауіп жоқ. Суарылмайтын тәлімдік жерлер (тәлімдік жер – суармалы егіншілік аудандарындағы егісті суармай өсіретін жерлер) бар. Егер Қазгидромет сондай болжам берсе, онда тәлімдік жерлерде құрғақшылық болуы мүмкін», - деді министр Парламент палаталарының отырысынан кейін.
Айта кетейік, кеше Қазгидромет Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында құрғақшылыққа байланысты ескерту жариялаған болатын.