Бас бапкер «Таразға» қарсы өткен ойыннан соң тағамнан уланып қалған футболшыларға қатысты сұхбат берген болатын
«Сенин Себаи қазір жалпы топта жаттығуды бастады. Чемпионаттағы үзілістен соң Себат құрамға қосылады деп үміттенемін. Ал Дмитрий Мирошниченко Мәскеуде оңалту шараларынан өтіп жатыр. Шамамен 15 күннен соң оның да командаға қайтып оралуы ықтимал», - деді В.Газзаев.
Еске салсақ, сәуір айында Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.