"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Тамара Дүйсенова 1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында туған, ұлты - қазақ, жоғары білімді, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы - инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі; 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 - 2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылғы 10 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 27 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ал 2014 жылғы 6 тамыздан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды.
17:19, 25 Қаңтар 2017
Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.