Бұған дейін осы қызметті атқарған Серік Әбжәлиұлы Ахметов өз өтінішімен босатылды.
Т.Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек қызметін 1988 жылы институт бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында орта мектепте ақпараттану пәнінің мұғалімі болып бастады. Әртүрлі жылдарда ол Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, екі рет Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Еңбек вице-министрі қызметіне екінші рет тағайындалып оотыр.
Бұған дейін ол осы ведомствода жауапты хатшы болды.