Тамара Дүйсенова Виктория Мининаның туыстарына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Министрлік ұжымы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап, есін жимай қайтыс болған Виктория Мининаның туыстарына шын көңілден қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, деп хабарланды ведомствоның сайтында.

Жалпы алғанда қыз бала АБҰҒО-да «Зорлау зардабынан кейінгі тіркескен ауыр жарақат. Бас миының аноксикалық және метаболикалық зақымдануы. 3 деңгейдегі кома» негізгі клиникалық диагнозымен 87 тәулік ем алған (2016 ж. 27 тамыздан бастап). Бала ауруханада жағдайының ауырлығына байланысты, балалар анестезиясы, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан. Дем алуы өкпені жасанды желдету аппаратымен іске асырылған. 

Викторияны аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық мүмкіндіктерді қолданды. Балаға медициналық көмек көрсетілуі ҚР ДСӘДМ тұрақты бақылауында болды. Бірақ а.ж. 20 қазанда отандық мамандар Москва қаласының Шұғыл балалар хирургиясы және травматологиясы ҒЗИ-дағы әріптестерімен бірге пациенттің бас ми бағанасы өлімін айқындады.

Ауруханада жатқан кезде Ресей, Ұлыбритания, Польша және Израильдің белгілі дәрігерлерінің көптеген консультациялары ұйымдастырылған болатын. Барлық сарапшылар әлемде осындай жағдайда жүйке жүйесінің функцияларын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін әдістемелердің жоқтығы туралы қорытынды берді.

Қыздың өмірі оның ағзасы тіршілікті қамтамасыз ететін аппарат жүйелеріне әсер еткенше сақталып тұрды.