Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев ТамараДүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесінатап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуғаелеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбекресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету,халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығықойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өттіминистр.

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығыинститутын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауаптыбасшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Шымкент қаласы әкімінің біріншіорынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, ҚРДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі, «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО»АҚ-ның бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар