«Тамаша» театрына - 45 жыл: Алматының Республика сарайында шоу-концерт өтті

Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Тамаша» әзіл-сықақ театрының 45 жылдығына арналған шоу-концерт өтті. 1978 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзілін, уытты қойылымдарын тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. Тамаша актерлері қоғамдағы түрлі келеңсіз жағдайларды әзілге айналдырып, жиналғандардың езуіне күлкі үйірді. Республика сарайындағы ерекше атмосфераны Кazinform фототілшісі түсіріп алды.

«Тамаша» - 45 жаста! Әзіл театрларының атасы атанған ойын-сауық отауының мерейтойына көрермен көп жиналды. Залда ине шаншыр жер болмады. Сахна шымылдығын Тұңғышбай Жаманқұлов пен Лидия Кәденова ашты.

Фото: Александр Павский/Kazinform

— Тамаша 45 жасқа толды. Осы айтулы күнді ерекше атап өтіп жатырмыз. Мен үшін «Тамаша» әзіл-сықақ театрының орны ерекше. Оны мына көрермендер де жақсы біледі. 30 жыл осы сахнада өнер көрсеттім. Осы керемет театрдың арқасында танымал болдым, өнерім шыңдадым. Бүгін мінекей жастармен бірге саханаға шығып жатырмыз. Өте қуаныштымын — дейді актриса.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Гүлбаушан Тілеубекова, Данагүл Темірсұлтанова, Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, Нұржан Тұтов көрермендерге әзіл-қалжыңын айтып, көңілдерін бір желпіндіріп тастады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

— Тамаша болады дегенді ести сала, билет алдық. Кеш керемет өтті. Бүгін республика сарайына жиналған қауым ерекше ностальгияға бөленді деп ойлаймын. Актерлердің өнерін тамашалап отырып, бұрынғы кездер көз алдыма елестеді. Сағынып қалыппыз, — дейді алматылық көрермен Рәзия Қыдырбайқызы.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Жүздеген талантың жұлдызын жаққан «Тамаша» әзіл-сықақ театрының мерейтойына арналған кеште Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар, Толқын Забирова сынды әншілер мен «Дос-Мукасан», « Үркер» тобының орындауындағы әндер кештің ажарын аша түсті.

Фото: Александр Павский/Kazinform

— Қазір жас әзіл-сықақ театры көп. Бірақ, тамашаның орны бөлек. Бүгін біздің сүйікті тамашамыз қайта оралды. Тамашаның саханасын сағындық. Тамаша жасай берсін, — деді Роза Рымбаева.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Астарлы әзіл, ой саларлық қалжыңымен көрерменнің жүрегінен жол тауып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген театрдың кешіне келген өнер сүйер қауым қимастық көңілмен тарқасты.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Думанды кештің телевизиялық нұсқасын алдағы уақытта «Jibek Joly»
арнасынан көруге болады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, 30 қарашадан бастап Jibek Joly телеарнасынан аты аңызға айналған «Тамаша» туралы сериал көрсетіле бастады

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сериал қазақ халқының ең танымал театрының тарихында болған барлық маңызды оқиғаларды, танымал кейіпкерлермен, интермедиялармен және музыкамен көрсетеді.

Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform
Фото: Александр Павский/Kazinform