Министрліктің мәліметінше, халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр.
– Осы жылдың тамыз айынан бастап AJET әуе компаниясы Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттары бойынша рейстер санын аптасына екіден жетіге дейін ұлғайтады, – деп хабарлады ведомстводан.
Осылайша, екі бағыт бойынша да ұшақтар күн сайын қатынайтын болады.
Министрлік жаңа өзгерістердің Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетейік, Гонконгтың ұлттық әуе компаниясы Қазақстанға жүк және жолаушылар рейстерін ашады.