Бүгінгі таңда еліміз бойынша 903,9 мың га дәнді дақылдар, 1,2 млн тонна астық, 5,7 мың тонна майлы дақылдар, 343,6 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,4 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Егін жинау жұмыстарына барлығы 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника жұмылдырылады. Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды.
Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 254 теңге/литрге жеңілдікті бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы егін жинау маусымына астық сақтау қоймаларының қаншалықты дайын екенін мәлімдеді.