Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.
Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды:
Алматы қаласының – «Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Ақмола облысының – «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК
Шымкент қаласы - «Қуатжылуорталық-З» МКК
Ақтөбе облысы – «Энергосистема» ЖШС
Жетісу облысы – «Талдықорғанжылусервис» КМК
Павлодар облысы – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ
ШҚО – «Востокэнерго» ЖШС
Абай облысы – «Теплокоммунэнерго» МКК, «Энерго-Инвест» ЖШС
Түркістан облысы – «Кентау Сервис» МКК
Жалпы, субъектілердің бекітілген инвестициялық бағдарламала шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.
«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері биылғы қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде тексеруді жалғастырады»,-делінген хабарламада.