Тамыз айында экономиканың жекелеген сегменттерінде баға өзгерісі байқалды
13:29, 10 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылғы тамыз айында еліміздегі экономиканың жекелеген сегменттерінде баға өзгерісі байқалды.
Мәселен, Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, тамыздағы тұтыну бағасының индексі 100 пайызды құрады. Өнеркәсіптік бағалар бір ай ішінде 1,4 пайызға артқан. Сонымен қатар, көтерме сауда бағасы - 1,2 пайызға, ауыл шаруашылығындағы баға 0,9 пайызға, орман шаруашылығы - 0,5 пайызға, құрылыс саласындағы баға - 0,3 пайызға өсті. Ал заңды тұлғалар үшін аталған кезеңдегі байланыс қызметтерінің тарифі 0,3 пайызға төмендеген.