«Өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, тамыз айында тұтыну бағаларының индексі 104,6 пайызды құрады. Бұл тамыз айында инфляция деңгейінің 100 пайызға тең болғандығын білдіреді. Тұтыну бағалары индексінің құрылымын қарайтын болсақ, азық-түлік тағамдарының және ақылы қызметтердің бағалары 0,1 пайызға төмендеді, ал азық-түлік емес тауарлардың бағалары 0,4 пайызға артты. Осының бәрін қосқанда жалпы инфляцияның деңгейі 100 пайызға, яғни 0-ге тең болды», деді Ә.Смайылов өз сөзінде.
17:40, 13 Қыркүйек 2010
Тамыз айында инфляция деңгейі 100 пайызға тең болды - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тамыз айында инфляция деңгейі 100 пайызға тең болды. Бұл туралы бүгін елордада еліміздің ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.