АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен брифингте министрдің штаттан тыс кеңесшісі Виталий Александров тамыз айында осы ведомствода журналистерге арналған 8 брифинг жоспарланып отырғандығын мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл министрлік қызметінің барынша ашық болуын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр», дейді В.Александров.
Оның айтуына қарағанда, БАҚ өкілдерімен алғашқы басқосу мемлекеттік білім гранттарын бөлуге байланысты өтсе, қалғандары кәсіби-техникалық және орта білім беруге, балалар құқығын қорғауға, сондай-ақ басқа да білім мен ғылым саласының маңызды мәселелеріне арналады. Кезекті брифинг осы аптаның жұмасында өтеді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.