Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 4,4 пайыз, ал 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда 18,9 пайызға өскен. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,4 пайыз болып отыр. Сонымен қатар, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 14,1 пайыз, жемістер мен көкөністер - 16,4 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 7,5 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6 пайызды құрады.