Тамыз айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 14 пайызға жоғарылады - Статистика агенттігі
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз айында шілде айымен салыстырғанда өндірушілер бағасының кен өндіру өнеркәсібінде 1,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 1,5 пайызға, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 0,6 пайызға жоғарылауы тіркелді. Сонымен қатар, өткен айда бағаның керосинге - 10,5 пайыз, сұйытылған пропан мен бутанға - 3,8 пайыз, мұнайға - 3,1 пайыз, бензинге - 2,7 пайыз, табиғи газға - 1,5 пайыз, газ конденсатына - 1 пайыз, отындық мазут - 0,6 пайыз, дизель отынына - 0,5 пайызға көтерілгені байқалған.
Бұдан бөлек, бір айда баға ферроқорытпаларға - 4,9 пайыз, мысқа - 4,6 пайыз, өнделмеген алюминийге - 1,2 пайызға жоғарыласа, қымбат металдарға - 2,6 пайыз, қара металдар илегіне - 1,3 пайыз, қорғасын мен мырышқа - 0,1 пайызға төмендеген. Ал есепті кезеңде бидай ұны - 7,8 пайыз, жармалар - 1,7, макарон өнімдері - 0,7 пайызға қымбаттап, қант - 4,2 пайызға арзандады.
Баға балыққа - 3,1 пайыз, сиыр етіне - 2,8, сүтке - 1,1, құс етіне - 1, сары майға - 0,7 пайызға өскен.