«Біз рубльдің ізімен келе жатырмыз. Қазіргі кезде Ресейге қарсы санкцияларға байланысты оның валютасы құнсызданып бара жатыр. Байқағандарыңыздай, доллар теңгені 4,8 пайызға басып озды. Юань 5,3 пайызға, евро 4,6 пайызға бізден үстем түсіп отыр. Ресей валютасына келер болсақ - теңге рубльге қарағанда 3,8 пайызға күшейді», - деді Андрей Цалюк.
Тамыз айында шетел валюталары нарығына KASE-нің 29 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 1407,9 млрд теңгені құрады.
«Қазір валюта нарығында белсенділік артты. Барлық екінші деңгейлі банктер өзара ымыраға келіскен», - деді ол.