Бұл туралы astana.kz жазады.
Келесі онкүндікте, синоптиктердің болжауынша, күн ысып, ауа райы көрсеткіші 28, 33С дейін көтеріледі, ал түнде 16, 21С жылы болады. Тамыз айының соңғы онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендеп, 18, 23С көрсетсе, кей жерлерде 28 ыстық болады. Түнгі уақытта 13, 18С құрайды. Кейін термометр бағаны күндіз 25, 30С дейін көтеріледі, ал түнде 13, 18С көрсетеді. Айдың соңғы күндері күн райы салқындап 15, 20С көрсетсе, түнде 3, 8С дейін көтеріледі. Тіпті -2С дейін салқындауы да мүмкін.
Айдың бірінші және үшінші онкүндігінде найзағайға ұласқан өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде, сонымен бірге солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20м/с дейін күшейеді. Ал ай ортасы мен соңында оңтүстік-батыс желі 15-20м/с дейін күшейеді.