Ведомствоның ақпаратына қарағанда, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 16,6 мың адамға немесе 0,2%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,1%) құрады.
- 2013 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 469,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы тамыз айының соңына 58,8 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады (2012 жылғы тамызда - 0,7%).