Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлiм еттi.
"Ағымдағы жылғы тамыз айында республика бойынша жылумен, газбен жабдықтауға және жанар-жағармайға тарифтер көтерiлмейдi", - деп атап өттi А. Алпысбаев.
Оның айтуынша, тамыздан бастап, сумен жабдықтау және кәрiз қызметтерiне бағалар елдiң үш өңiрiнде: Оңтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбiр аудандарында баға көтерiледi. Ал Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында электр энергиясының бағалары төмендемек.