Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік шаралар ауқымында «Каспий» спорттық-сауықтыру кешенінде аудан әкімі Қайрат Жаңабергеновтің кубогы үшін волейболдан және үстел теннисінен спорт жарыстары өтпек.
Сондай-ақ Сауран көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары келушілерге көкөніс, жеміс, ет, сүт және басқа да өнімдерді делдалсыз ұсынады.