деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар төсек жабдықтарын билет кассасында жол құжатын ресімдеу кезінде сатып ала алады, деп еске салады баспасөз қызметіндегілер.
Оған қоса, қыркүйектің 15-іне дейін плацкарт вагондарда ВУ-9 түбіртектері бойынша төсек жаймаларының уақытша сатылымы рұқсат етіліп отыр. Бірақ қыркүйектің 15-інен бастап вагондарда төсек жабдықтарын сатуға тыйым салынады. Жолаушы төсектің құнын билет кассасында төлеуден бас тартса, оны вагонда сатып ала алмайды, деп түсіндірді баспасөз қызметінен.