Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түн - сауабы мың айдан артық Қадір түні

None
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түн - сауабы мың айдан артық Қадір түні. Бұл туралы бүгін  БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев айтты.

«Тамыз айының 14-інен 15-іне қараған түн - сауабы мың айдан артық Қадір түні. Мың ай дегеніміз 83 жыл 4 ай. Ұзағымен бір адамның өмірі. Сонда 1 түн ғибадат-құлшылық жасап, 83 жыл 4 ай құлышылық жасағанның сауабын алатын түн. Әрине, алла тағаланың пендесіне мейірімі шексіз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ораза тұту 18 тамызда аяқталып, келесі күні айт мерекесі басталады. Айт намазы астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-де басталады. Пітір садақа астаналықтар үшін 150 теңге болып белгіленген.