Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары атмосфералық қысымның және оңтүстіктен жеткен циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.

Елдің тек солтүстігі меншығысында және орталығында солтүстік батыстан соққан циклонның ықпалымен кейжерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде желкүшейіп, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таң ата тұман түсіп,оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Орталықтабұршақ жаууы да ықтимал.

Қарағанды облысының бірқатараумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақжаууы да ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Павлодар,Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына15-20 метр жылдамдықпен еседі. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңдыдауыл көтеріледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындатүнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстаноблыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл,Алматы облыстары мен Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарыныңбірқатар аумақтарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар