«Тамызда біз алтын-валютаның 131 млн АҚШ долларына дейін біршама төмендегенін байқадық, бұл алтын бағасы трой унциясы үшін 1712,40 АҚШ долларына дейін 2,6%-ға төмендеуіне байланысты болды. Бағалы металға баға белгілеу бұрынғысынша күтіліп отырған АҚШ ФРЖ монетарлық саясатын одан әрі қатаңдатуы аясында қысымға ұшырап отыр», - деп мәлімдеді банк т өрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
«Алтын» портфелінің едәуір дәрежеде төмендеуі ЕДБ қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға келіп түсуі есебінен АВА валюталық бөлігінің өсуімен теңестірілгенін атап өткен жөн.