Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған экспедиция Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау мақсатында өтті. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру көзделді. Екі күнге созылған экспедиция барысында қатысушылар Бәйдібек ауданындағы Боралдай петроглифтері мен Ақмешіт үңгіріне, Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесенесі мен Арпаөзен петроглифтеріне жол тартты. Сондай-ақ, Созақ көне қаласы мен Қарабура кесенесіне, Кентау қалалық өлкетану музейі бағыттары бойынша тарихи жерлерді аралады.
Жалпы, мұндай экспедицияның ұйымдастырылуы бабалардан қалған тарихи баға жетпес мұраларды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор мүмкіндік бермек.