TANECO кубогында «Барыс» «Ак Барсқа» есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 тамызда елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден TANECO кубогында «Ак Барс» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойында елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді.

Аталған турнирде елордалық команда алдымен ярославльдік «Локомотивтен», одан кейін челябілік «Тракторден» 1:2 есебімен жеңілді.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) мен «Трактор» (Челябі) командалары жеңімпазды анықтайды.

Ал елордалық «Барыс» қола үшін «Локомотив» (Ярославль) клубымен ойнайды.

14 тамызда 3-орын үшін сайыс және финал болады.

Турнирдің тарихы 2020 жылдан бастау алады. Биыл оған алғаш рет шетелдік команда ретінде «Барыс» қатысып отыр.