19 қаңтарда таңертең twitter.com сайтына кірмек болған пайдаланушылар қызметтің техникалық ақау салдарынан істемей тұр деген хабарлама алған.
Сайт Еуропа аумағында, Таяу Шығыс, Африка және Солтүстік Америка бірқатар елдерінде жұмыс істемеген.
Кешке қарай әлеуметтік желінің басшылығы жұмыстағы ақаулар «ішкі кодтың өзгеруіне» байланысты болғанын түсіндірді.
«Біз жүйені бұрынғы қалпына келтірдік, бұл мәселе шешілді», - деп мәлімдеді Туиттер әкімшілігінен.
Желідегі ақау салдарынан Twitter Inc. Акциясының құны шамамен 7 пайызға төмендеген.