ТАҢҒАЖАЙЫП: Медузаның ішінде қалып қойған тірі балық (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия фотографы Тим Самуэль суастына саяхат жасау кезінде табиғаттың бір ерекше көрінісін суретке түсіріп алды.

«Мен медузаның ішінде қалып қойған балықты таптым! Ол медузаның ішінде, тірі, тіпті медузаның қай бағытқа қозғалатынын қадағалап отырды!», - деп жазды австралиялық инстаграмдағы парақшасында.

Фотографтың айтуынша, суретке түсіру кәсібімен айналысқан бес жылдың ішінде ол осыншама ерекше құбылысқа бірінші мәрте куә болған.