ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫ: 50 мың емен кесіндісінен жасалған «Жук» - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 71 жасар босниялық зейнеткер 50 мың емен ағашының кесіндісінен «Фольксваген Жук» автокөлігін жасап шықты. Бұл туралы day.az жазады.

Бұл ғажайып көлікті жасап шығу үшін ол 2 жылдан астам уақытын сарп еткен. Машинаның сырты мыңдаған ағаш кесінділерімен көмкерілген. Олардың әрбірін жасау үшін 23 түрлі өңдеуден өткізген екен.

Таңқаларлығы, машинаның рулі, жылдамдық ауыстырғышы, терезе тазалағышы, тіпті радиосы да ағаштан жасалыпты.

Айта кетейік, Фольксваген Жук тарихта ең көп таралған көлік әрі неміс концернінің мақтанышы.