Таңғы астың 10 шарапаты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шамамен сегіз сағаттық ұйқы кезінде ағза сусыз және тамақсыз қалады. Осы уақыт ішінде біз ашығып үлгереміз, сондықтан күн бойына күш жинап алу үшін таңертең ағзаның «қуат қорын» міндетті түрде пайдалы аспен толтыру керек.

Мезгілсіз тамақтану, таңғы астан бас тарту салдары денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін, ол адамның ақыл-ой, дене іс-қимылы функциясының бұзылуына әкеледі.

Таңғы ас мәзірін жиірек ауыстырып отыру қажет. Әр түрлі азық-түлікті үйлестіру дұрыс тамақтанудың кепілі, өйткені әр түрлі азықтың құрамына әр түрлі нәрлі заттектер мен дәрумендер болады. Таңғы ас:

Күнді сергек бастау үшін адам ағзасын нәрлендіреді; Күні бойы жүре жеу қажеттілігін төмендетеді, осылайша адамның тәбеті реттеледі; Екінші типті диабет және жүрек - тамыр ауруларының пайда болу мүмкіндігін азайтады; Таңғы шаршауды және ұйқышылдықты азайтады; Дененің қалыпты салмағын сақтауға көмектеседі; Гормоналды фонды және қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі; Денсаулықты жақсартады және өзін-өзі жақсы сезінуге көмектеседі; Арықтауға көмектеседі; Адамның қуатын арттырып, көңіл- күйін көтереді Назарын бір жерге шоғырландыруға көмектеседі және ойлау қабілетін жақсартады.

Күн сайын таңғы ас ішетін адамдар саны уайымға салынбай, күйзеліске сирек ұшырайды және біршама салауатты өмір сүреді. Әрбір күніңіз таңғы астан басталуы қажет екендігі есіңізде болсын!