1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген актриса Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» – Жанар, «Қызыл сұңқарларда» – Маруар, Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» – Қамқа шеше, Ш.Айтматовтың «Ыстықкөл трагедиясында» – Кемпір, «Ақ кемеде» – Кемпір, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғандасында» – Ғани, Ә.Таразидің «Жақсы кісісінде» – Балзия, О.Бөкейдің «Атау-Кересінде» – Марфа, «Ауылдан келген аруда» – Сәндігүл, С.Балғабаевтың «Ең алғашқы Жаңа жылында» – Әже, А.П.Чеховтың «Шағаласында» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.
– Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу – орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - деп хабарлады театрдан.