Танымал америкалық тревел-блогер Коннор Қазақстанға келді

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанға танымал америкалық тревел-блогер Коннор келді.

Сапар аясында ол Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшесіне барып, ведомствоның жұмысына ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ 23 әмбебап құтқару бөлімінің қызметімен танысты.

- Блогерге іздестіру-құтқару операциялары кезінде қолданылатын заманауи техника мен жабдықтар көрсетілді.

Инновациялық үлгілер, соның ішінде Tesla Cybertruck және арнайы реанимобиль ерекше қызығушылық тудырды, - делінген ведомство дерегінде.

Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер Қазақстанға деген халықаралық қызығушылықты арттырып, Алматыдағы туристер қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық танымал блогер Маңғыстауға қайта келгені хабарланған болатын.