АСТАНА. KAZINFORM – Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың соңғы концерттерінің бірінде балағат сөз айтып қойғаны видеоға түсіп қалған.
Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.
Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.
«Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды.
Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ведомство ақпаратында.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.