«Сүйінші! Қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична деп аталады. Бізде жоспарлы кесарево болды, бәрі жақсы өтті. Бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 г. Бізді қолдаған жандарға алғысымыз шексіз. Сендерді қатты жақсы көреміз», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұл Илья Ильиннің екінші некесінен туған қызы. Оның алғашқы әйелі қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова болған. 2009 жылы ерлі-зайыптылардың Милан есімді қызы өмірге келеді. Алайда, 2017 жылы Илья мен Наталья ажырасып кетті.