Танымал қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады

Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысынан видео жариялады. 

«Келесі жекпе-жегім туралы хабарландыруды күте алмаймын!» - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 22 мамырда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізіп, украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын қорғады. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның қарсыласы белгілі болғанын жазған едік.