Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғанын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Youtube» арнасында жүргізілген.
- Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді, - делінген СҚО прокуратурасы хабарламасында.
Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.
Петропавл қалалық сотының «блогерлерге» қатысты үкімі заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Оралда бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталды.