Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Фото: Фото: informburo.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлер танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түскенін растады.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Диас Ахметшәріптің миына қан құйылып, комаға түсті. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Д. Ахметшәріп бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауға іссапармен келгені жайында видео жариялаған.

Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған. 

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамында жұмыс істеп жүр.

Ол еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған.

«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003-2007 жж. — ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 — 2012 жж. — «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі.
Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.