Төрт бала тәрбиелеп отырған Артур өзінің терісін ғаламторда жан-жақты жарнамалап жатыр.
«Егер үйіңізге жөндеу жасағыңыз келсе, менің ұсынысым туралы ойланып көріңіз. Адамның терісінен жаслаған кілем сіздің достарыңызды таңғалдырары сөзсіз. Бұл жер бетіндегі ең жұмсақ әрі тегіс тері», - деген ол өз жарнамасында.
Оның айтуынша, өз терісін леопардтың терісіне айналдыру үшін 300 сағат жұмсаған. Айта кетерлігі, ол өзінің терісін тірі кезінде бергелі отырған жоқ. Сатып алушы оны тек Артурдың өлімінен кейін ғана ала алады.
Қазір ғаламтор-бәссаудасы басталды. Лоттың алғашқы құны небәрі 27 долларды құрап отыр.