Сол сәтте ролик авторының сұрағын да елемей кеткен жігіт өзі түскен «жұлдызды» видеоны әлеуметтік желіден көріп, Тәңірберген Бердіоңғаровқа бейнежазбаны өшір деп «бұйырыпты».
«Кеше теміржол вокзалының жанында көлігін тастап кетіп, кептеліс тудырған автокөлік иесін видеоға түсіріп, желіге жүктеген едім. Енді жеке хат жазып, видеоны өшір дейді. Ал, мен жол ережесін бұзбай, кеше соның кесірінен жолынан қалған азаматтардан кешірім сұра дедім. Бірақ, ол дөрекі жауап берді. Бірақ, оқырмандарыма жершілдікке салынбаңыздар дегім келеді. Ия, ол жігіт Шымкенттен екен, бірақ, тәрбиесіз адам кез келген аймақта бар. Біздің ортақ мақсатымыз - тәрбиелі қоғам құрып, жастардың мінезіне бей-жай қарамау. Бұл - біздің Отанымыз, бұл жерде біз өмір сүреміз», - деп жазған Тәңірберген Бердіоңғар жол ережесін бұзған жігітпен арадағы хаттардың үзіндісін мысалға келтіре отырып.