НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеудегі «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысы жалғасуда. Жарыста 22 минут 16 секунд нәтижемен қазақстандық команда бірінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қашықтықты еңсеруэкипаж үшін жылдамдықты ғана емес, сонымен бірге зеңбірек, зениттік жәнепулеметтен оқ ату сияқты тәсілдерді талап етті. Көп тонналық техникаларбірқатар кедергілерден өтіп, мамандар тәжірибелерін ортаға салды.
Қазақстандықкоманда биатлон барысында мықты командаларының бірі ретінде өздерініңшеберліктерін растады. «Танк биатлоны» үш кезеңнен тұрады. Келесі кезеңде әрқатысушы елдің үш танктік экипажы бірлесіп, бір ұжым болып жарысады. Ал финалдаүздік төрт танк экипажы бас жүлде үшін сайысқа түседі.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.