Танк биатлоны: Қазақстандықтар сайыстың алғашқы кезеңінде мәреге бірінші болып жетті

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысының жеке жарыс кезеңі жалғасуда. 22 минут 16 секунд нәтижесімен қазақстандық танкшілер бірінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Қашықтықтан өтукезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен,зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсынәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды. Ауыр машинаны басқарушеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет», делінген хабарламада.

Шұңқырлардан,жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұлкезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнеркөрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өзшеберліктерін шыңдауда.

Айта кетейік, «Танкбиатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танкэкипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнеркөрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танкэкипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.