Бейнероликті Қазақстандағы Германия елшілігі Facebook желісінде жариялады.
«Қазақтың ұлттық асханасы алуан түрлі және көптеген шетелдік қонақтарды таңғалдырады. Біз жаңа практиканттарымызды қазақ тағамдарын жеуге шақырдық және пікірлерін сұрадық. Жас германиялықтар қазақтың көптеген тағамын ұнатты. Тек қымызға үйрену үшін оларға біраз уақыт қажет», - деп жазылған елшілік жазбасында.
Қазақстанға үш айлық тәжірибеге келген Джамилла қымыздың дәмін айран, просекко (шарап) және беконның қоспасына ұқсатты.
Оның әріптесі Беньямин Ланге «жақсы» деп ұстамдырақ жауап берді. Қымызға қарағанда Беньяминге шұбат көбірек ұнаған тәрізді.
Бауырсақты екі қонақ та қош көрді. «Барлық қуырылған тағам дәмді болады. Бауырсақ та дәмді», - деді Джамилла.
Сонымен бірге, қонақтарға тіл, бекіре балықтан жасалған қазы, кеспе көже мен қуырдақ ұсынылды.
«Әдеттегі кесілген қамыры бар көже, тек ішінде шұжығы бар. Бұл қазы шығар», - деді Джамилла.
Ақырында дастарханға қазақша ет келді және қонақтар өз таңданысын жасырмады.
«Дәмі бізге таңсық, бірақ тіл үйіреді», - деді шетелдік қонақтар.