Ол енді жаңа рөлдерден бас тартып, көп уақытын отбасына арнамақ. Оның жұбайы да танымал актриса - Мила Кунис. БАҚ-тың хабарлуынша, олардың отбасында жақында бала дүниеге келеді.
Қазір Эштон «Екі жарым адам» сериалының соңғы маусымына түсіп жатыр. Осы жобадан соң ол Голливудпен қоштасады. Катчердің айтуынша, киноиндустрия саласында 15 жыл қызмет ету ол үшін жеткілікті болды.
Енді актер Интернет технологиялар саласындағы кәсіппен айналысуды жоспарлап отыр.