Ведомство мәліметінше, бүгін танымал актер Фархат Әбдірайымов бастаған «Қазақфильм» киностудиясының делегациясы Алматыдағы №1 балалар үйінде өткен Жаңа жылдық мерекеге қатысты.
«Фархат Әбдірайымов балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға «Қазақфильм» киностудиясының үздік туындылары және анимациялық фильмдері кірген антологиясын, Ш. Айманов туралы кітаптар мен тәтті тағамдарды тарту етті. Балалар үйінің тәрбиеленушілері Фархатпен суретке түсті, - деп атап өтеді министрліктен.