Nobu авторлық асханасының (халықаралық желі) алғашқы мейрамханасын Нью-Йоркте 1994 жылы Роберт де Ниро мен жапон аспазы Нобу Масухис ашты. Nobu желісі бойынша әлемнің 28 қаласында (Лондон, Лас-Вегас, Мельбурн, Токио, Бейжің, Майами және т.б.) 33 мейрамхана ашылған. Мәскеуде Де Ниро мен атақты бас аспазшының алғашқы мейрамханасы 2009 жылы ашылған болатын. Жоба Матсухис, Де Ниро, бизнесмендер: Арас пен Эмин Агаларовтардың ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асқан. Жаңа Nobu Crocus City мейрамханасының алаңы - 1200 шаршы метр.
14:54, 10 Қараша 2015
Танымал актер Роберт Де Ниро Мәскеуде тағы бір мейрамханасын ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы Роберт Де Ниро жапон аспазы Нобу Матсухиспен бірлесіп, Ресей астанасында әлемге белгілі Nobu желісінің тағы бір жаңа мейрамханасын ашты, деп хабарлады «RТ».