TMZ порталының деректеріне сүйенсек, әнші өз-өзіне қол салған. Әзірге бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.
G.R.L. тобы 2013 жылы құрылған. Қыздардан құрылған музыкалық ұжымның алғашы жұмысы "Vacation" әні болды. Ол "Смурфики-2" анимациялық фильмінің саундтрегіне енген. 2014 жылы жазда G.R.L. өзінің "Ugly Heart" лид-синглы мен "G.R.L." шағын альбомын шығарды, күзге топтың ауқымды промо-кампаниясы жоспарланған болатын. CNN телеарнасы Симон Баттл G.R.L. тобындағы жұмысынан басқа Оңтүстік Калифорния университетінде музыкадан білім алып, шіркеу хорына қатысқанын атап өтті. Симонның өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.