Танымал американдық репердің концерті кезінде оқ атылып, төрт адам зардап шекті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні кешке нью-йорктік "Ирвинг плаза" залында белгілі америкалық T.I. репеэрдің концертінде оқ атылып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС TMZ сайтына сілтеме жасап.

Ол құқық қорғау органдарындағы жеке дереккөздеріне сүйенген. Олардың мәліметіне сәйкес атыс орындаушы ән айта бастаған кезде болған. Екі ер адам, екі әйел жарақат алды. Олардың біреуінің жағдайы аса ауыр, деп атап өтеді TMZ.

Оның деректеріне сүйенсек, полиция әзірге неше адам жарақат алғанын нақты анықтаған жоқ. Оқиғаның не үшін орын алғаны белгісіз.